Өлең, жыр, ақындар

Адамда...

  • 26.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2523
Атар-ау алдан жарық таңымыз,
Үйқылы-ояу жатқапдаймыз әлі біз.
Көпті көрген қариялар не дейді,
Қалай болып бара жатыр халіміз?
Кеуде тосқан боран менен дауылға,
Атанжілік достар бар-ды ауылда.
Күрмеуіне келмей жүр ме қысқа жіп,
Түк естілмей кетті олар жайында.
Көңіліме қайтіп медеу табамын,
Сүргылт тартып бара жатыр алабым.
Қайда кеткен, қайда кеткен құнары,
Түгін тapтca, майы шыққан даланың?
Тоқтамайды тіршіліктің арбасы,
Бүгінгі күн, кешегінің жалғасы.
Ағайынның салы суға кетіп тұр,
Азайған соң талшық етер мал басы.
Шаңыраққа шапағатты бақ қонып,
Қонақтары отыратын қақ толып.
Бір-бірінің есіктерін ашпайды,
Туысқандар бара жатыр жат болып.
Сын тағумен мына қилы заманға,
Жас келген соң, кінәмшіл боп барам ба?
Жақсы-жаман көктен түсе қалған жоқ,
Бәрі-бәрі мына бізде - адамда!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Перзенттерім

  • 0
  • 0

Өкпе айта алман осынау өмірге өзім,
Екі ұлым бар - бар екі қоңыр қозым.
Құшағыма екеуін қысамын да,
Көкжиекке қадаймын көңіл көзін.

Толық

Біреуге

  • 0
  • 0

Айтқан сөзге адамша түсінбедің,
Көрініп тұр ап-айқын ісіңде мін.
Достығымнан қасарған қастық іздеп,
Бұл қалайша жатып aп «ісінгенің?!»

Толық

Серт

  • 0
  • 0

Сіміріп aп таңғы ауаның тұнығын,
Зыр жүгірем, тыным алмай күнұзын.
Бір қызықтан, шақырады бір қызық
Мойыныма сілтеп жиі «құрығын».

Толық

Қарап көріңіз