Өлең, жыр, ақындар

Сарапшы

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 387
Түгі түрлі деп сынап тоты құсты
Кірісті іске бір мықты оқымысты.
Тағдыр салса — кім тартпас ауыр сынын —
Жұлды талдап тотыны қауырсынын.
Мына қауырсын, деді ол, қызыл-жасыл
Мұндай болған көп сайрап бұзылғасын.
Бір-ақ түсті,
біркелкі көзқарасы,
табиғаттың байғыз тек өз баласы.
Болар еді тоты — үкі
ойлы, оңаша
Осыншама, бейшара, сайрамаса.
Түрлі бояу тұл-бойы тұнып тұрған,
базар құсап көзді құр құнықтырды, ал,
Сезімге одан не пайда; тап осы жол
табиғат жомарттықтан былықтырған!
Мұнша бояу не керек құсқа жалғыз,
біз бұны надандықтан ұстағанбыз —
Осыны айтып,
Құлаштап, қары сыңғыр,
Көгін бөлек жұлып ап, сарысын бір,
Жасау жинап жатқандай қарындасқа —
сұрын басқа,
сорттады ағын басқа.
Бұл, әрине, талай жан ұққан қайғы:
Жұла берсе түктен де түк қалмайды.
Ал тоты ше?
Тоты жоқ!
Бір қарасақ:
ғалым отыр бір өңкей тырна жасап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құм жырлары

  • 0
  • 0

Сол ауылда Әшім деген бір шал бар,
Қол тигенде барып-кетіп тұрсаңдар:
қалбаң қағып қарсы алдыңнан шығады,
Бірақ, әттең естімейді құлағы.

Толық

Жанарың, қалқа, жасырды...

  • 0
  • 0

Жанарың, қалқа, жасырды
Оянған ойды тезінен.
Үзіліп түскен жасыңды
Үмітім деп сезінем.

Толық

Көкпеңбек, жер де көк, көк те көк

  • 0
  • 0

Көкпеңбек, жер де көк, көк те көк,
Көңілдің шыңынан қарғыды үн.
Табиғат анаға өкпе жоқ:
Бір түске бояпты барлығын.

Толық

Қарап көріңіз