Өлең, жыр, ақындар

Тау

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 507
Шамасы жоқ
Тастайтұғын қар-мұзын да аунатып,
Жылжи алмай қалыпты, әне, тау қатып.
Әлемдегі мықтылықтар не түрлі
алыс, суық көрінуде секілді,
Пайдасы жоқ, сұсы ғана сырт биік
Көкшиеді мұз-қабағын құрт түйіп.
Қыпыңдайды көк кірпігі шыршаның,
тауға еліктеп қалыпты, әне, бұлт та ұйып.
Ұлысың, тау!
Ал, не болды?
Табанында тұрса да
Құм тағдыры — өз тағдырың бір сана.
Қабақ қатып, қар мен мұзды құрсана,
атағаны үшін жұрттың ұлы деп
нең бар еді ызбарланып мұншама!
Мына тұлғаң — аятар, не мұңайтар,
тастың тегі — топырақ деп кім айтар...
Уа, ұйып қал, бұлақ, бір сәт ұйып қал,
жаралғаныңды ұмыт сен де сұйықтан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктем әсерінен

  • 0
  • 0

Жасыл түсті секілді нұр, арай да,
жасып қалған секілді алап, маңай бар.
Тастардан да сабыр қашқан тәрізді,
Кәрінің де ақылы жоқ абайлар.

Толық

Таудағы нөсер

  • 0
  • 0

Аспан жақ боздап кетті, мықты-ақ қайғы,
диюлар бұлт тасалап бұқпақтайды.
Көпшік қып қолтығына қара бұлтты ап,
әнеки, Әзірейіл барады ықтап.

Толық

Таңға тапсырма

  • 0
  • 0

Сағымды таң, самала таң, нұрлы таң,
Тыныштыққа қарауыл боп тұр бұтаң.
Боз сәулеге беті-қолым жуып ап,
Сұлулықтың мөлдірінен бір жұтам.

Толық

Қарап көріңіз