Өлең, жыр, ақындар

Қошалақ тауы

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 604
Көкшіл төбе.
Тау деген құр атағы,
дала күні құсап күні батады.
Өзіне тән бірақ аң, құс, даусы бар,
кім біледі, бұ да содан тау шығар?!
Айналасы қобыраған жал-жал құм
Жел көтерген жалы сын-ды жалғанның.
Маңайымен салыстырсаң
әлгі көк
Жусан төбе — талай таудан мәндірек,
салмақтырақ,
атақтырақ.
Әңгі, ала
Қарғасының өзі қарар паңдана.
Жер отына хайуан біткен өшті аса:
Мортығын қой маңырап іздер, ешкі асап.
Қыран құсап қалықтайды торғайы,
Сарышұнағы қорсылдайды шошқаша.
Неткен тоқтық!
Тағдырына мәз бәрі,
дуадақтай — көбелегі жаздағы.
Бөксе артып ем — тарғыл тасы тоқтықтан
тулап-үркіп жығып кете жаздады...
Қошалақ-ай!
О, жаһанның мықтысы!
Қар, мұз түгіл, жарытпайды шық түсіп.
Мұнша аласа болмасаң сен,
келмес ед
көрген жанның басыңа бір шыққысы!
Бірақ, бірақ ойлап көрсең індете,
аласалық — адам кешпес мін бе екен?!
Әр бұтасы айдарлы, әрі кекілді —
жақсы ақынның қолтаңбасы секілді!
Күндемеңдер, ей, достарым, күндеме
төбесін тау жасайды деп бұл неге.
Аң, құсы бар, демек, ерек даусы бар
тау болса егер, кім біледі, тау шығар?
Төбе аз ба екен таудан биік заты,
ары, тау аз ба екен асыраған атағы —
бұ да соның бірі болып жатады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Заттар, сырлар, жырлар

  • 0
  • 0

Әр күн сайын қағылады мың шегең,
Мың шегеде – бір балғаның салмағы.
Мен де өзімше бір балуан, бір шебер,
Әкел, бермен дос тонналық балғаны!

Толық

Медеу сайы

  • 0
  • 0

Кең-ау, шіркін, менің ата мекенім,
маған,
саған,
оған да жер жетеді.

Толық

Тауға қарай келемін, тауға қарай...

  • 0
  • 0

Тауға қарай келемін, тауға қарай,
Желдің-дағы маңдайдан аумағаны-ай.
Күндерім де алдағы тау сияқты,
Тауға қарай беремін, тауға қарай.

Толық

Қарап көріңіз