Өлең, жыр, ақындар

Күйе

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 423
Екі бала келді маған бір күні:
От бүркеді біреуінің кірпігі,
біреуінің жанарына жас тұнған,
екеуі де асқынған.
Бірі — шағым,
екіншісі соқты дау:
— Мынау, — деді, — күйе жақты,
— Жоқ, мынау...
— Кірпігіңді келмей ме, дос, кептіргің
құрдасыңның көз-отына? — деп күлдім.
Біреуі айтты:
— Ақтама, аға, ақтама,
күйе жақты, міне, қара, қап-қара.
Сонда аңғардым: біреуінің беті айғыз.
— Мұны, — дедім, — ұят, ұят атаймыз.
Сонсоң сүртіп әлгі күйе-бажақтың
қақ жартысын ана балаға жақтым.
Сонда екеуі мәз болысты.
бәрі әйгі:
Күйелілер — бөліскенді қалайды.
Тазарған жоқ ешқайсының жүзі одан...
содан өзім әлі күнге қызарам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кештіғұрым ескенде тау самалы

  • 0
  • 0

Кештіғұрым ескенде тау самалы
менің жаным ғажап бір ән салады.
Ән саламын, сүйгелі бір сұлуды,
бір сұлуды сағынып аңсағалы.

Толық

Мәжіліс алдындағы мәжіліс

  • 0
  • 0

Сонау Чили топырағында
Пиночет деген ақымағың бар:
концерттерге келмейді деп бұлбұл құс,
әлдеқайда жүреді деп жай ықтап,

Толық

Алатау ақ кеуде, ай-құлып

  • 0
  • 0

Алатау ақ кеуде, ай-құлып,
Ақырын еседі түн лебі.
Аспанмен бірге ол қайғырып,
Аспанмен бірге ол күледі.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар