Өлең, жыр, ақындар

Арнау

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 658
Әңгімеңді бұзса жыр мен ән бұзып,
отырсаң-ау көңіл түлеп, қан қызып.
Хрустальдар сыңғыр қағып,
қойсаң-ау
досың саған, сен досыңа алғызып.
Омырауды ағыттырып салқын бақ,
сөйлессең-ау екі дос боп аңқылдап.
Ауық-ауық жылытылса тоңған ас,
күй шертіссең,
ауық-ауық ән тыңдап.
Төре екеу,
жыршы да екеу деп ұғып,
қойын дәптер ақтарыссаң төгіліп.
Ол — кешірсе сенің кешіргеніңді,
бас изесең ол ұққанды сен ұғып.
О, тіршілік!
Жетім шыбық мен бастан,
жел өтінде жырлап келем талмастан.
Көңіл қайтты күліп сөйлер жолдастан,
бір бармағы ішіндегі көп достан!
Желпінейік: алдыршы бір жарты арақ,
білесің ғой, бұ сабазың "тартады-ақ".
Кінәң бар ма — ашық көтерт, арқалат,
ал, менде сол адал көңіл, нар талап.
Сен де ашшы анау балконыңды, әйнекті,
шүкір, тыныш, ұрыс бітті, қайғы өтті.
Домбыра әкел!
Қалықтасын ән құстай,
бір кешімізді өткізейік аңдыспай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрек

  • 0
  • 0

Білемін: шаттық не, қайғы не,
Шындықты жасаған елестен;
Алқына сыр ашқан Ләйліге
Мәжнүн сен жүрек емес пе ең!

Толық

Жұбайлар

  • 0
  • 0

Әйел жылап булығып,
Жиі-жиі ері ішіп,
жиі-жиі шығатын таң атқанша керісіп.
Көрші болды ғажап бір — қарапайым жан аса

Толық

Жалбыр торы

  • 0
  • 0

Жорға еді ғой жалбыр торы ақ қаптал,
Әттең разы емес еді иесі:
Салып алып талай құмға, батпаққа,
бұзды дейтін бір көршінің биесі.

Толық

Қарап көріңіз