Өлең, жыр, ақындар

Сары түс

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 2949
Ағаш басы сарғайыпты — бар ма айып
мезгіл жетті.
Ойды ескіртіп алмайық.
Жата-жата архивында ақылдың
көп өлеңім қалған сынды сарғайып.
Сары жел есті — сары бұта дір етті,
сары күзің сары қырман күретті...
Қас суретші бақытсызды салса егер
сап-сары ғып қойса керек жүректі.
Жапырақтың сары тілі, ал, әне
сары көл бетін жалап-жалап алады.
Сезген адам Нанның нағыз бояуын
сап-сары ғып көрсе керек даланы!
Сары жұртқа сара күйді шерте кеп,
қарызымнан құтылмақ ем тер төлеп.
Жасамақ боп алтын-жырды құм-сөзден
сары қаламды қуып келем желкелеп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Талай күзде, көктемде

  • 0
  • 0

Талай күзде, көктемде
көзің болды байпақтай:
Тасып бір тасып кеткенде
құятұғын сай таппай.

Толық

Мылқау

  • 0
  • 0

Ың-ың етті.
Екі қолы ербеңдеп,
төсін түртті сұқ саусағы "мен", "мен" деп.
Бұдан өңге түк ұқпадым мен де емге —

Толық

Дөң де жаңа, бел де жаңа, сай жаңа...

  • 0
  • 0

Дөң де жаңа, бел де жаңа, сай жаңа,
желкеміз – шаң, маңдайымыз – жел ескен.
Жасылдана жатыр дала айнала,
Кеше, дала, құла дала емес пе ең?!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар