Өлең, жыр, ақындар

Күй

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 784
Қысырақ па үріккен, саяқ па әлгі —
дүбір салды бір нөпір, таяп қалды...
Бурыл-шұбар топанын сай ақтарды —
дір-дір қақты тізелер, аяқ талды.
Мың балапан немесе талпынысып,
жүз мың аққу жүргендей шалқып ұшып;
Не қос ғашық сүйеніп бір ағашқа
түк айта алмай тұрғандай алқынысып.
Мың асау су немесе қарғып ақты,
қарғып ақты, тау бұзды, жар құлатты.
Перне басқан саусақ па, құдірет-ау,
тұяғы ма әлде мың арғымақтың?! —
Күн батқан шақ еді-ау ол, іңір алды,
ың-жың болып бір дыбыс тұрып алды.
Бір ақбөкен бөріден тірі қалды,
бір жаралы жолбарыс ыңыранды.
Сүгіретке айналды дыбыс, кенет,
таудан аққан су сынды жіңішкелеп
басталды да бір көрініс, бір іс демек...
қорбаң қағып қос аю ұғысты ерек.
Көргеніңіз жөн, сірә, Сіз алыстан:
әне, сайдан шықты өріп жүз арыстан, —
тістер аңдап, көмейлер қызарысқан,
жүз арыстан келеді ыза қысқан.
Тегеурін бе ең, япыр-ау, тепкі ме едің,
мен де күшім көрсетсем деп тіледім:
"Ой, жалған-ай", деуге әзер жетті демім
Жүрек-қолқам қозғалып кетті менің.
Сиқыр самал секілді күй дегенің —
ағытылды омырау-түймелерім.
Сүйікті боп кетті, лез сүймегенім.
Сүй дегелі, бұралтып билегелі
мен де аулаққа біреуді сүйреледім...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сан-сан айлар өткен сайын, сан айлар

  • 0
  • 0

Сан-сан айлар өткен сайын, сан айлар,
ағарады сақалдар мен самайлар.
Адам шіркін қартаюды санайды ар,
айлар, айлар, барады өтіп сан айлар.

Толық

Жанып тұрып бір өлең оқыр едім мен оған

  • 0
  • 0

Жанып тұрып бір өлең оқыр едім мен оған
алып келіп қаладан, не суырып санадан.
Оқыр едім, әттең-ай, оқыр едім — ұқпайды,
жырды ұқпайтын кісіден махаббат та шықпайды.

Толық

Жанарың, қалқа, жасырды...

  • 0
  • 0

Жанарың, қалқа, жасырды
Оянған ойды тезінен.
Үзіліп түскен жасыңды
Үмітім деп сезінем.

Толық

Қарап көріңіз