Өлең, жыр, ақындар

Тыныштық

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 577
Кім үзеді өзі әлсіз, жіңішке ойды?
Тыныш дейді дүние, тыныш дейді.
Бірақ шыңды бұлт болып буды қайғы,
бірақ бұта дамылсыз судырайды.
Қайнап жатсын миында мың іс мейлі —
тыныш дейді дүние, тыныш дейді.
Бірақ мың үн маңайға тарайды үдеп,
күшік-бұлақ көк тасты жалайды кеп.
Үй шатырын ай нұры күмістейді —
тыныш дейді дүние, тыныш дейді.
Бір көлеңке, бір сәуле — ала-құла,
ала-құла үн берер қала мына.
Ой шатысты оралып жабағыға,
жел жығылды сүрініп балағына.
Сары жапырақ бұтадан құлап өлді —
қайдан болсын тыныштық бұл әлемде!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Талай күзде, көктемде

  • 0
  • 0

Талай күзде, көктемде
көзің болды байпақтай:
Тасып бір тасып кеткенде
құятұғын сай таппай.

Толық

Жалғыз қайың

  • 0
  • 0

Бермен қара, ақ қайың, қайың, қайың,
Мен бір саған жаңа ұйқас дайындайын.
Басқа жақсылығым жоқ, қайғырайын,
Жалғыз тұр деп ақ қайың уайымдайын,

Толық

Алатау ақ кеуде, ай-құлып

  • 0
  • 0

Алатау ақ кеуде, ай-құлып,
Ақырын еседі түн лебі.
Аспанмен бірге ол қайғырып,
Аспанмен бірге ол күледі.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар