Өлең, жыр, ақындар

Найза-қара

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 309
Өз тұсынан о дағы
қарғып шығып, қалды үздік —
қиын,
қиын соғады,
шың болсаң да, жалғыздық.
Тұрған бойы күпірлік,
күпір,
күпір, масқара;
жараспаған бұ тірлік
жаратқаннан басқаға.
Баяғы сұс, кәрі айбын,
кімге керек көктігі?
қар да тұрақтамайды,
қатаяр да жоқ түгі.
Кетіпті тым әріге,
ақ бұлттардан әрі асып.
Қатар өссе бәрімен
тұрар еді-ау жарасып.
Қатал тағдыр кез келді,
аяр пенде жоқ әлі.
Ортасынан безгеннің
обалы жоқ, обалы.
Өзгелерден,
мұндар жан,
өскенің жөн ептеп кем:
ол — безген жоқ шыңдардан,
шыңдар оны шеттеткен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айықпаған кезім еді ол – көңіл мас...

  • 0
  • 0

Айықпаған кезім еді ол – көңіл мас,
амандасуға созған қолыңды ұстап «қош!» дедім.
Сөндіргенше үмітіңді сенің жас,
өзім неге сол арада өшпедім!..

Толық

Медеу сайы

  • 0
  • 0

Кең-ау, шіркін, менің ата мекенім,
маған,
саған,
оған да жер жетеді.

Толық

Туған жер

  • 0
  • 0

— Туған жерің қай жер, — деді, — жаңа ақын?
— Ол жерде де аспан мен күн болатын.
— Туған жерің қай жер? — деді бір келіншек күлегеш,
— Қара жер! — деп жауап бердім, — су емес.

Толық

Қарап көріңіз