Өлең, жыр, ақындар

Жыл басы

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 688
Таң ағарды.
Шығыс жақтан қып-қызыл
қызыл күннің бір құлағы шықты ұзын.
— Жылды бұрын кім көре алса — сол бастар
уақытты.
— Ал, қараңдар, ал, достар!
Хайуанаттар жар салды.
Шу айқайды
таңғы әлсіз жел ыққа итеріп байқайды.
Менен биік кімі бар, — деп, — тырс етпе! —
түйе тұрды бойға сеніп бір шетте.
Маймыл бәрін айналдырып қылжаққа,
доңыз байғұс қорсыл қақты бір жақта.
Ит өзінің ит екенін ұққанда,
дүр сілкініп қызыл әтеш шықты алға.
Хайуанаттар жиылды. Шу-айқайды
таңғы самал ықтырып ап қайқайды.
Мекіреніп қоңыр саулық көп тұрды,
үркек қоян бір бұтадан кетті ырғып.
Хайуанаттар жиылып-ақ болған-ды.
Ең соңынан жылан шықты дөңге әлгі.
Маңай тынды, тынды бәрі, тым-тырыс.
Ал, итеріс, ал, ұмтылыс, ұмтылыс!
Кенет бірі:
— Әне! — деді, — Жыл, әне!
Тосын дауыс бір жаңғырып тынады.
Шығып алған өркешіне түйенің
тышқан екен — қылтияды құлағы.
Тасыр емен тақырыпты жай таңдар,
сезгенімді, түйгенімді айтам бар:
болмайды екен тышқан деген сайтанда ар:
ей, түйелер, тышқандардан байқаңдар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Есіне

  • 0
  • 0

Не сезінсең, сол жайлы
ашық айту — болмайды.
о, болмайды, болмайды.
Емен болып біт, мейлі,

Толық

Менің үйім

  • 0
  • 0

Төрт қабырға,
қос терезе,
сырлы еден...
қос көлеңке түсіреді бір денем:

Толық

Тоя ма екен бұл дүниеде сырға адам...

  • 0
  • 0

Тоя ма екен бұл дүниеде сырға адам,
Адам сырды адамдардан ұрлаған.
Шіркін тұрмыс үйретпекші барлығын,
Үйретпекші баяғы сол бір надан.

Толық

Қарап көріңіз