Өлең, жыр, ақындар

Бір ғаламат ғұмыр кешіп

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 385
Арманымды сеземісің, аяулым,
Аққан судай күндіз­түні ояумын.
Бір ғаламат ғұмыр кешіп жүремін,
Арасында мың құбылған бояудың.
Бір ғажайып бал жұтамын түнімен,
Бұлбұл құстың тамылжыған тілінен.
Менің көзім саған қарап тұрады
Бүршік атқан алма ағаштың гүлінен.
Бір керемет жоқты іздеумен мен жүрем,
Зеңгір көктен саған сұрап зер кілем.
Сайрап жатқан құс жолына құмартып,
Тұңғиықтың түкпіріне телмірем.
Сағымдардың сүзгісінен жүз өткен,
Мен бір сәуле аспан астын күзеткен.
Жаратқанға жалшы болып жүремін,
Аруақтарға есік ашып ізетпен.
Рухының рахатына бөлеген,
Ғұмыр, шіркін, қызық еді не деген!
Таң сарғайса, сорғалаған жұлдыздай,
Саған қарай салып ұрып жөнелем.
Ойларымды арқалаумен мың батпан,
Әйтеуір мен келе жатам бір жақтан.
Керқұла атты Кендебайдай мұңайып,
Алтын құйрық құлындарын ұрлатқан.
Таң алдында талығып мен қайтамын,
Оның бәрін саған несін айтамын.
Ептеп келіп сені ғана оятам,
Тәтті ұйқысын бұзбасын деп Байтағым!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бала едім...

  • 0
  • 0

Бала едім кеше ғана сасыр мінген,
Жосылтып жалаңаяқ жасыл қырмен.
Жігіттік жайлауында енді, міне,
Оңаша отау тігіп жатырмын мен.

Толық

Тар ноқтасы тағдырдың

  • 0
  • 0

Біреу ерте, біреу кеш,
Бұл жалғанда кім өлмес?
Қысқа өмірде болғайсың
Бір-біріңе тілеулес.

Толық

Отызбен сырласу

  • 0
  • 0

Жаныма сыйлап от ізгі,
Алысым түсті жақындай.
Жырлай алам ба отызды
Арындап Тұман ақындай?!

Толық

Қарап көріңіз