Өлең, жыр, ақындар

Бола бермес үнемі көздегенің

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 774
Бола бермес үнемі көздегенің,
Өмір әр кез істетер өз дегенін:
Кенеп болып шығады –
Қамқа десең,
Жібек болып шығады –
Бөз дегенің.
Өкініп те,
Көресің көпіріп те,
Жетіліп те,
Көресің кетіліп те.
Көз алдыңда тұрғанға сенбейсің де,
Бас шұлғисың қисынсыз өтірікке.
Алды-артыңды осылай аңдай алмай,
Өзіңді-өзің боласың алдағандай.
Сенбегенің сенімді,
Ал сенгенің
Сатқын болып шығады әлдеқандай.
Бүгілмеске
Сондықтан бүгілесің,
Үңілмеске
Еріксіз үңілесің.
Бірде қатып қаласың қасарысып,
Бірде бордай босайсың,
Үгілесің...
Жаныңа өстіп ауыр жүк бөктересің,
Ыстықты да, суықты өткересің.
Жаза басқан сәттерің еске түссе,
Өзге түгіл, өзіңді жек көресің.
Өкінішің –
Өр болып ентіктірер.
Қателігің –
Ор болып мертіктірер.
Адам жанын түсіну – қиямет қой,
Қарбыз емес сыртынан шертіп білер!..

1976



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төлегетай

  • 0
  • 0

Киелі қара өлеңнің шөмішімен,
Сапырып сөздің майын көп ішіп ем.
Көненің ізін шалып қайтайын бір,
Қызыл тіл жаңылмаса желісінен.

Толық

«Қозыбақ» сазы

  • 0
  • 0

Бір күй кетті сахнада күмбірлеп,
Бара жатыр жүректегі мұңды үрлеп.
Күй әуені қайрады да жігерді,
Қайта зарын төгіп-төгіп жіберді.

Толық

Жеңеше

  • 0
  • 0

Кездерімде сәл жүдеген,
Бір өзіңді аңсадым.
Шаршап келсем, елжіреген
Жүрегіңді аңсадым.

Толық

Қарап көріңіз