Өлең, жыр, ақындар

Әр бұтада бір көкек

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 347
Сұғанақтан сақта, құдай, әр есікті бір қаққан,
Кәрі мыстан тоқым ояр төрде жатқан сырмақтан.
Шамалауға шақ келмейді таразының тасы да,
Қыл мойында парызым мен қарызым бар зіл батпан.
Төгіп келем ақ қағазға жан сырымды имандай,
Тостағанға тілімдегі бал­шырынды құйғандай.
Қасым менен Мұқағали зарлап өткен жалғанның
Қайыры жоқ қай бақыты маңдайыма сыйғандай?
Атақ­даңқ – қызыл түлкі – арбайтұғын көз құрты,
Бағасына жеткізбей тұр базардағы сөз қырты.
Есер, шіркін, бар қазақты ұйыттым деп ойлайды,
Құйрығына көпшік тастап, қолпаштаса өз жұрты.
Сескенбейді аласұрған асау тасқын өлеңнен,
Салындыны сал ғып мінген өңкей нойыс өлермен.
Су түбіне бара жатып, бітеу басын бұлдайды,
Көк тиынға тұрмас құны әлдеқашан төленген.
Көріп тұрып сорақыны жігеріңді құм қылар,
Қара қоста күңіреніп, мен жыламай, кім жылар?
Өзін өзі алдыменен ақынмын деп санайды,
Өзге түгіл, әлемдегі есі ауысқан жындылар.
Қазақ жыры қайтіп оңар, әр бұтада бір көкек,
Сұңқылдайды өз аттарын шақырумен күнде тек.
Бұлбұл үнін танымайтын шойынқұлақ заманда,
Жезтырнақтың жолы болғыш көйлек киген гүлді етек...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құмырсқаның балы

  • 0
  • 0

Атам менің шипа таппай бір шыбындай жанына,
Зарығумен көзін жұмды құмырсқаның балына.
Зәру дәрі жатады екен жеті қат жер астында,
Тамшысына татымайтын Қарынбайдың малы да.

Толық

Табалдырық

  • 0
  • 0

Халқыма қадірменді, табалдырық!
Тұрасың әр уақытта алаң қылып.
Үлкендер «Баспа!» дейді,
Аттап өтем,

Толық

Сүйек ауыр

  • 0
  • 0

Дүр етіп көтерілсе көлдің құсы,
Қанатын кері тебер желдің күші.
Алмасып аласұрған көк толқынның
Жартасқа маңдай соғар алдыңғысы.

Толық

Қарап көріңіз