Өлең, жыр, ақындар

Түсімде ылғи қаңғып жүрем

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 397
Күннен­күнге құбылады замананың түр­түсі,
Бұлаңдаса, мың алдаса уақыттың қу түлкісі.
Көне тарих ақырады әлсін­әлсін оянып,
Қызыл иек кәрі арыстан азуда жоқ бір тісі.
Қалжыраған қарияға айырылған күшінен,
Қарақорым күбірлейді көңіл айтып ішінен.
Меңірейген ескі мола құлағына қонып ап,
Саңғырығын танығансып тоңқаңдайды күшіген.
Айдалада аңырайған балбал тастан шықпайды үн,
Түсініксіз бұл әлемнен дегендей түк ұқпаймын.
Тілдесе алмай тұншығады зіл батпанның астынан,
Аруағымды сансыратқан, қансыратқан түп қайғым.
Сан ғасырдың отқа оранды жайнаған гүл шешегі,
Бүгінгіге қызық аңыз – көзден көшкен кешегі.
Маған салса, тұлпар мінген патшалардың көбінен
Ақылдырақ көрінеді Қожанасыр есегі.
Талай тажал тап бергенде аузын ашып арандай,
Қожекеңе көк есегі қорған болған қамалдай.
Адамзаттың жадындағы жануарға сыйлауға,
Түсімде ылғи қаңғып жүрем, күміс ноқта таба алмай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ей, тағдырым!

  • 0
  • 0

Аспанымда күнім жайнап тұрғанда,
Ей, тағдырым, тас түнерме, тұлданба!
Шаттығыңның шуағына шомылдыр,
Жаным жылап, жанарға жас тұнғанда.

Толық

Торығу

  • 0
  • 0

Көлімді дауыл шайқады,
Тағдырдың бүріп толғағы.
Кер заман көктей жайпады,
Үзіліп түсіп қолдағы

Толық

Сәулем, неге теріс қарап отырдың

  • 0
  • 0

Сәулем, неге теріс қарап отырдың,
Жүрегіңнің өшірді екен отын кім?
Бұрынғыдан алшақ тартып арамыз,
Бұйығы бір күйге түсіп барамыз.

Толық

Қарап көріңіз