Өлең, жыр, ақындар

Автопортрет

  • 26.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2412
Болды кезім әр нәрсеге еліккен...
Енді қазір жас емеспін желіккен.
Қайда барсам, өзіме шақ орным бар,
Несібемді жеп келемін теріп мен.
Үлкен болып кішілікке төздім көп,
Сондықтан да тез солмаймын, тез гүлдеп.
Күмбірлейді көкірегімде қоңыр күй,
Талпынбадым қатарымнан озғым кеп.
Біреулерде басым болар пенделік,
Пенделікті тұрар бірден ел көріп.
Қара бастық қамын күйттей бергенше,
Кеткен жақсы біржолата жерге еніп.
Көпке іні және көпке ағамын,
Келер кезі берілетін бағаның...
Жаман болсам, жетер жерім белгілі,
Жақсы болсам, жақсылықты табамын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жырламас едім...

  • 0
  • 0

Төбеден саулап жапырақ,
Сап-сары түгел атырап.
Жайсаң жаз қимай қоштасты,
Қоңыр күз билік жатыр aп.

Толық

Ашу

  • 0
  • 0

Ашу жолдас болмайды қызба адамға,
Басылса да бармай-ақ жүз қадамға.
Бет жыртысқан досыңды еске аласың,
Бас ауырып, балтырың сыздағанда.

Толық

Ағама

  • 0
  • 1

Қос жүрек бір-біріне табынысты,
Мен мұнда, сен ауылда - сағыныстық.
Алыстан аңсап, шаршап келгенімде,
Алдымнан күліп шыққан шағың ыстық.

Толық

Қарап көріңіз