Өлең, жыр, ақындар

Елегізу

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 517
Мезгіл бәрін, бәрін де ойлатады,
Толғантады, тереңге бойлатады.
Ренішін көлденең тартып бірде,
Қуанышын біресе тойлатады.
Елес болып жарқын жүз, асыл көрік,
Кетті қанша ғұмырды ғасыр көміп.
Шыңырауына тарихтың қарап тұрсаң,
Өз-өзінен айналар басың зеңіп.
Күл боп жанып үмітің, мақсатың да,
Сезінесің қалғандай тап-тақырда.
Отырасың өзіңе өзің сенбей,
Кететіндей айналып қақпақылға.
Бергеніңді байқамай үрейге ерік,
Дал боласың...
Бір ойды бір ой жеңіп.
Сені қойып...
Осынау дүниені
Сілкілердей ғаламат дүлей келіп.
Тозаң болып қара жер ұшатындай,
Ұшатындай, қазір қан құсатындай.
Сол мезетте...
Сұмдық-ай!
Өзің-дағы
Әрең-әрең қаласың ұсатылмай.
Көңілің жасып пышақтай жүзі кеткен,
Бетпе-бет кеп қалғанда қызыл отпен,
Селк етесің шыбынның дауысынан
Құлағыңның түбінен ызың еткен.
Желге ұшқандай серпіліп күдік-мұнар,
Әлгі ойыңды табанда ұмыттырар.
Айналаңа қарайсың...
Ал табиғат
Миығынан жай ғана күліп тұрар...

1976



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалаңтөс

  • 0
  • 0

Тұрғанда ауызда сөз, қолда қалам,
Елеңдеп құлақ түрер ел де маған.
Жалаңтөс баһадүрді жырға қостым,
Аттанып Самарқанға кең даладан.

Толық

Соңғы шабыс

  • 0
  • 0

Атымның аяғына шор байланды,
Орнынан әрең тұрып, зорға айналды.
Шор байланды –
Маған да шер байланды,

Толық

Қос жұлдызым

  • 0
  • 0

Сұм тағдыр, кімді жарға құлатпадың,
Кімдерді еңіретіп жылатпадың?
Жүгірген көз алдымда құлдыраңдап,
Құлыным, қайда барып тұрақтадың?

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер