Өлең, жыр, ақындар

Қос жұлдызым

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1164
(Секеннің зары)

Сұм тағдыр, кімді жарға құлатпадың,
Кімдерді еңіретіп жылатпадың?
Жүгірген көз алдымда құлдыраңдап,
Құлыным, қайда барып тұрақтадың?
Тағы да азабыңды тартам қандай,
Қайғыңа қалай тұрам арқандалмай?
Қызығым қызғалдақтай үзілгенде,
Қу жүрек, қалдың неге талқан болмай?
Ұша алмас қыран көкке қанаты жоқ,
Өзіңсіз өмірімнің санаты жоқ.
Қапыда ағып түсіп қос жұлдызым,
Басқандай айналамды қара түнек.
Біле ме бұл тағдырдың пенде сырын,
Ашпайсың сен өмірдің енді есігін.
Соңыңнан мен барғанша мазаңды алмай,
Мәңгілік әлдилесін жер-бесігің.
Арманға қашан, сірә, адам жеткен,
Жалғаннан жақсы да өткен, жаман да өткен.
Шошынба, құлыншағым, қараңғыдан,
Ол жаққа мекендеуге бабаң кеткен.
Не керек егілгенмен ендігі зар,
Күш бар ма өлім атты сеңді бұзар?
Ертерек кеткенің де дұрыс шығар,
Өмірде ештеңе жоқ сен қызығар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қара жартас шер төкпес

  • 0
  • 0

Шын ақында айтылмайтын сөз қалмас,
Не жасырсын тоңған жүрек, тозған бас?
Сен – бір сұңқар ұшып­қонған айналып,
Мен – бір жартас қонысынан қозғалмас.

Толық

Арқаның желі

  • 0
  • 0

Ауылға келем араға жыл сап,
Самалы жұпар жібектей жұмсақ.
Арқаның желі,
Аңсадым сені.

Толық

Шырқа, наурыз!

  • 0
  • 0

Жайнап мереке ажары,
Қайнап береке қазаны,
Айлап думанды базары,
Келді Наурызым!

Толық

Қарап көріңіз