Өлең, жыр, ақындар

Өмір заңы

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 76
Алматыда, шеткейде,
Барша аң-құс баласы,
Зоопаркте, көктемде,
Тату-тəттi арасы.
Бiр-бiрiмен жау ескi,
Мысық, күшiк қатар жүр.
Ал қонжығың тауешкi
Лағымен жатар бiр.
Көжек əлi бiлмейдi
Бөлтiрiктен қорыққанды.
Бала арыстан тимейдi,
Қодық қатар оттайды.
Жайбарақат алаңсыз,
Жүредi олар шарбақта.
Күз келгенде амалсыз,
Ажырайды жан-жаққа.
Тату-тəттi жасында,
Өссе кетер жау болып.
Бiр-бiрiнiң қасында,
Жүру қиын сау болып.
Балалық шақ – тəттi шақ,
Себебi еш жауың жоқ.
Бiр-бiрiне жат құсап,
Кiжiнетiн жайың жоқ.
Заңы солай өмiрдiң
Қалай бəрiн теңесiн.
Əлсiз болсаң –
Жеңiлдiң,
Əлдi болсаң –
Жеңесiң.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Білгішін-ай

  • 0
  • 0

Асанды ерттiм жаныма,
Бауға бiрге барғалы.
Бiледi ол айыра,
«ЗИМ» мен «ЧАЙКА»,

Толық

Лəңгiлiк қыл

  • 0
  • 0

Лəңгiлiк қыл iздеп,
Күнiмен сабылды.
Кешке қойлар келгесiн,
Бiр амалы табылды.

Толық

Жазу мен жану

  • 0
  • 0

Қарындашқа жолығып,
Шырақ айтты бірде кеп:
– Тұрмын көріп торығып,
Таусылыпсың мүлде, – деп.

Толық

Қарап көріңіз