Өлең, жыр, ақындар

Нағыз ақын

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 366
Құдай – жалғыз!
Сонан соң Абай – жалғыз!
Абай жалғыз болған соң абайлармыз.
Алдымызда асу бар,
Алып шың бар –
Артымызға әлі де қарайлармыз.
Құдай – біреу!
Әзірге Абай – біреу.
Көңілдерді көркейтті талай жүдеу.
Көз жетпейтін өлеңнің көк аспанын
Қиын... қиын Абайсыз арайлы деу.
Құдай – жалқы!
Әуелден Абай – жалқы!
Асыл сөздің асқанда талай нарқы,
Қазақ болса – көргені азап болса,
Өмір сүрер Абайсыз қалай халқы?!
Талай асу алынар,
Талай қамал,
Таң да атар ағарып, арайланар.
Мұхитың да тартылар,
Тау да құлар,
Мәңгілік боп түбінде Абай қалар!
Біз де Абайды білгелі ғасыр өтті,
Жүз елуге
жылыстап жасы жетті.
Нағыз қазақ ұлы Абай,
Нағыз Ақын,
Нағыз ақын болған соң –
Қасіретті!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аймағыңды араладым атпенен

  • 0
  • 0

Аймағыңды араладым атпенен,
Құшағыңнан қызық көрем, бақ көрем.
Қыздарың бар қызыл гүлдей құлпырған,
Ұлдарың бар асыл алмас ақ берен.

Толық

Маңғыстау

  • 0
  • 0

Аңдасаң, гүл шыққандай тақыр жерге,
Алаулап жалын атып жатыр бел де.
Бұйығы баяғыдан бұл өлкеде
Болмапты батыр кенде, ақын кенде.

Толық

Бір құдірет

  • 0
  • 0

Бір құдірет
Бар екенін білемін
Оның және дара екенін білемін.
Бәрімізді бір минутте күлдіріп,

Толық

Қарап көріңіз