Өлең, жыр, ақындар

Аймағыңды араладым атпенен

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 920
Аймағыңды араладым атпенен,
Құшағыңнан қызық көрем, бақ көрем.
Қыздарың бар қызыл гүлдей құлпырған,
Ұлдарың бар асыл алмас ақ берен.
Бала шақта бауырыңда бұла өсіп,
Талай рет дәм-тұзыңды татқан ем,
Жазығына жалықпастан көз сүзіп,
Жанарымда жарты дүние жатты әлем.
Ырғыз, Шалқар, Қарабұтақ қосылып,
Елек, Ойыл бір өлке боп жатқан ем.
Қосын тігіп Қостанайдан, Торғайдан
Алтынсарин білім отын жақты әрең.
Аманкелді, Әлібидің ізімен
Құба жоңда керуен көшін тартқан ем.
Өркендеген өндірістің қарқыны
Өлшенеді аймен, күнмен, аптамен,
Дастан болған Әлияның ерлігін
Әлі күнге айтып жүрмін жатқа мен.
Шығанақтың ақ тарысын ақтарып,
Қапшық-қапшық қамбаларға қаптап ем.
«Өлкейіктің» өне бойын көп шарлап,
Ақ табаным құс болғанша таптап ем...
Атқан таңдай сенің әппақ атыңды
Мәңгі-бақи жүрегімде сақтап ем.
Сан ғасырдың куәгері бола бер,
Менің нұрлы,
Менің сырлы Ақтөбем!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тәуелсізбін...

  • 0
  • 0

Тәуелсізбін!
(Айту оңай ауызға!)
Жетіп жатыр жексұрын да, жауыз да.
Әлі пісіп, әлі толып болмаған

Толық

Жер деген – бір тірі Адам

  • 0
  • 0

Тіршіліктің тұрағы.
Баяны бар.
Талықсысаң, тау-тасын сая қылар.
Жер деген – бір тірі Адам,

Толық

Жоқ менің арқа сүйерім

  • 0
  • 0

Жоқ менің арқа сүйерім:
Жоқ менің аға-інім де.
Сол үшін жанып-күйемін
Құдайдың құтты күнінде.

Толық

Қарап көріңіз