Өлең, жыр, ақындар

Ару қала

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 312
Құшағын жайып тұрса ару қала,
Сен оған асығарсың баруға да.
Болады қызығыңа қануға да,
Болады қызуыңа жануға да.
Дегендей: «өндір өлке өркенімін»,
Бөгелмей шежіресін шертеді күн.
Өседі сағат санап,
Неткен ғажап
Кешегі батырындай ертегінің.
Ескенде еркелетіп таң самалы,
Көңілдің айтылғандай аңсар әні.
Нұрланып қала тұрса жас арудай
Ырғалып іргесінде дән сабағы.
Қызығын қыруар істің кран көрсін,
Қызығып қыз бен жігіт ұранға ерсін.
Сомдалған сом тұлғалы әр қабырға,
Қомданған қия-шыңға қыран дерсің.
Өзіңді тудырған соң ғасыр дана,
Балаймын алтынға да, асылға да!
Жиегі көк жусанмен көмкеріліп,
Көркейген көркем, сәнді жасыл қала.
Тып-тыныш өте алмайды мұндағы әр күн,
Дейді дос:
«Анда бардым, мұнда бардым.
Ақыры осы арадан тұрақ тауып,
Тарихын жасадым мен тың даламның».
Жалыны жастығына жарасады,
Дабылы алты қырдан әрі асады.
Халықтың қазынасына айналар күн,
Алыптың алға тартқан болашағы.
Әр беріп сән-салтанат, тұрмысына,
Бар көрік, бар табиғат болмысына.
Қыраны көкке өрлеген кең даланың
Өседі көкке қарай құрылысы да!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Танысқалы көп болды

  • 0
  • 0

Танысқалы көп болды,
Табысқалы...
Жүрегімді бір сезім жаныштады.
Құшағымнан кетпеші,

Толық

Нағыз ақын

  • 0
  • 0

Құдай – жалғыз!
Сонан соң Абай – жалғыз!
Абай жалғыз болған соң абайлармыз.
Алдымызда асу бар,

Толық

Өлкейік

  • 0
  • 0

Туып-өскен жерімнің
Өзенісің, Өлкейік.
Көзіме ыстық көріндің,
Көз алдымда көркейіп.

Толық

Қарап көріңіз