Өлең, жыр, ақындар

Босқындар

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 228
Көрмеп ем
Түс шайысып ешкімменен,
Бәрімен жан біткеннің доспын деген
Пікірім бір-ақ күнде быт-шыт болды,
Жат сөзді естіген соң «босқын» деген.
Кісі едім
Аға алдынан кесе өтпеген,
Бәрін дос, бәрін туыс есептегем.
Бұл күнде босқын көрсек күйге түстік
Тас атып, шөкелейтін кесекпенен.
Шыдамай әлдекімнің таяғына,
Бір ұлттың шетке шыққан саяғы ма?
...Жетелеп үйге әкеліп қондырушы ек,
Кезіксе бір «мүсәпір» баяғыда!
Тал түсте зарын шегіп аза-мұңның,
Жол тартқан босқындарға жазалы кім?!
Көрмеген есігіне құлып салып
Құлқы неге бұзылған қазағымның?!
Қалдырып үйін-күйін, саяжайын,
Тар жерге таған болған аядайын...
Мысықтай сүтке тиген «әйкәпір» боп,
Беймезгіл келіп қалған қай ағайын?!
Бармадым тура сөзге қарсы батпай,
Мұнарын ойларымның аршып айтпай.
Су шығып өз інінен өзі безіп,
Сандалған сары далада саршұнақтай.
Жомарт жоқ жер бетінде мына мендей,
Күтеміз біреу келсе «мұрагердей».
Босқындар о бастан-ақ жақсы болса,
Ол жақтан неге келген тұра бермей?..
Аяздай кеуделерді қарып қайғы,
Дерт келсе бойға жұртым дарытпайды...
Сиысып басқалармен көрмеген жан
Дос болып бізбен-дағы жарытпайды.
Кез келді әр нәрсенің жөнін іздер,
Жатырмыз орнықтырып соны біздер.
...Еліме қашқын болмай, босқын болмай,
Тек қана қонақ болып келіңіздер!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауыл өліп барады...

  • 0
  • 0

Ауыл, рас, өлмейді – малы болса,
Мал бағатын халықтың халі болса.
Сол малдың да қалмады сау-тамтығы,
Азаяды, құриды әлі қанша?!.

Толық

Қайда екен

  • 0
  • 0

Қайда екен
Сонау күңгірт мүләйім күз?
Қайда екен
Қара торы Күнәйім қыз?

Толық

Нағыз ақын

  • 0
  • 0

Құдай – жалғыз!
Сонан соң Абай – жалғыз!
Абай жалғыз болған соң абайлармыз.
Алдымызда асу бар,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар