Өлең, жыр, ақындар

Теңселіп тірлік дарағы

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 359
Теңселіп тірлік дарағы,
Көбейіп өмір залалы.
Онсыз да көңіл қаралы,
Онсыз да жаным жаралы.
Күн қашқандай көгімнен,
Мұң басқандай даланы.
Жазалау үшін бергендей
Жазылмайтын жараны.
Арамдыққа адамның
Ашылғандай араны.
Тәтті құмар көңілдің
Түгесілді шарабы.
Тұрқы төмен заманның
Тырысып тұр талағы.
Түлкінің де түрі бар
Таусылғандай амалы.
Уақытқа не шара,
Улап алған сананы.
Дүйім елді діңкелеп,
Дүние не боп барады!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыз қуу

  • 0
  • 0

Еліктей тастан-тасқа қарғып өткен –
Еңістен шыға келді арғымақпен.
Шу шандоз шапқан жерін ақ шаң қылып,
Көз жазып қыздың өзі қалды көптен.

Толық

Зеренді

  • 0
  • 0

Жағасын жалатқан зерменен,
Толқынын жұпар жел тербеген,
Құшағын құмарлық кернеген,
Аспаны астасқан жерменен

Толық

Оңай емес

  • 0
  • 0

Оңай емес
Ойлағанға тірлігім
Біреуге – қас,
Біреуге дос, құрбымын.

Толық

Қарап көріңіз