Өлең, жыр, ақындар

Балқаймақ

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 526
Бір-біріне қыдырса сапар болған,
Дастарқанын кең жайып татар мол дәм.
Арғы беті белестің, бергі беті –
«Егін көлде» екі ауыл қатар қонған.
Кейде жаяу барамыз күтпей көлік,
Көңіліміз ұйыған сүттей болып.
Жон үстінде жосылып жол жатады,
Екі ауылды жалғаған жіптей болып.
Өлең айтсаң нөсердей төкпелетіп,
Төбелері қалатын көкке жетіп.
Жеңгем бар-ды ай салып, апта салып
Келмей қалсам алатын өкпелетіп.
Бірде жеңгем көрпеше сайлап төрден,
Жылы сөйлеп жаныма жайлап келген.
«Ауылымыздың ағының алдын іш», – деп,
Меймілдетіп бір кесе қаймақ берген.
Жеңешемнің салтанат сәніндей боп,
Саз естілді аққудың әніндей боп.
Тәп-тәтті боп сол сәтте тұрды дүние,
Жаңағы ішкен қаймақтың дәміндей боп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айықтырмай тұманын

  • 0
  • 0

Айықтырмай тұманын,
Не боп кетті мына күн?!
Көбейгендей келеңсіз
Көңілдегі күмәнім.

Толық

Арман Дүние

  • 0
  • 0

Арман Дүние,
Артар жүгің аз ба еді,
Айтатының өкпе ме еді – наз ба еді?
Айдыныңнан баяғыдай ұшатын,

Толық

Барақ соры

  • 0
  • 0

Барақ бақыт іздемепті өзгеден,
Бірақ жікшіл жалғандыққа төзбеген.
Бақасқанын батылдықпен басып ап,
Бір-ақ жолды – шындық жолын көздеген.

Толық

Қарап көріңіз