Өлең, жыр, ақындар

Барақ соры

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 231
Барақ бақыт іздемепті өзгеден,
Бірақ жікшіл жалғандыққа төзбеген.
Бақасқанын батылдықпен басып ап,
Бір-ақ жолды – шындық жолын көздеген.
Бірақ заман дегеніне көнбепті,
(Енді ол болмай, боламын ба мен кекті?!)
Көкіректі қарс айырған қайғыны
Көл боп аққан көз жасымен емдепті.
Бірақ оны бай ұқпады, ел ұқты,
«Пері де емес, жынды да емес желікті».
– Құдай мені жаратқан, – деп, – сорлы ғып, –
Содан батыр сорға түсіп өліпті.
Аңыз ғой бұл... өтірік пе, шын ба әлі,
Елдігімен, ерлігімен кім мәлім?!
...Сортаң сордан татып алсаң білесің
Қайғы-зардың ащылығын мұндағы...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арша

  • 0
  • 0

Құм мен тастың арасын жарып шыққан,
Айналайын дәл сендей жарықтықтан.
Бай да ұққан сырыңды, батыр да ұққан,
Ауру-сырқау, мүсәпір, ғаріп те ұққан.

Толық

Қараша үй

  • 0
  • 0

Қараша үйдің түндігі
Қараша желмен желпілдеп.
Соққанда дауыл сұмдығы,
Оттан да қорқып қым-қуыт.

Толық

Үш монолог

  • 0
  • 0

Ақ сүтімді омырауымнан ағызып,
Көздің жасын көкірегіме тамызып.
Айдалада, қарағым,
Аңыраған анамын.

Толық

Қарап көріңіз