Өлең, жыр, ақындар

Қыран

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 265
Төбеден сорғалаған жауынша ағып,
Қанаты бұлт оранып, дауыл қағып.
Қалпынан танбайды әсте қайран қыран,
Көрмеген ештеңеден тауын шағып.
Бойында балғын үміт, балаң желік,
Алған соң қайтсін енді далам да ерік.
Қиядан құйғып төмен құлағанда
Қалады қырағы көз әрең көріп.
Сонан соң атылады қайта аспанға,
Әдейі жаралғандай ойқастауға.
Батырлар қылыш солай сермеуші еді
Жауымен жекпе-жекте айқасқанда.
Шырқайды шаң жұқтырмай шоқтығына,
Көңілдің май құйғандай оттығына.
...Қияда қалықтаған қыран көрсем,
Қиналам қанатымның жоқтығына!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балқаймақ

  • 0
  • 0

Бір-біріне қыдырса сапар болған,
Дастарқанын кең жайып татар мол дәм.
Арғы беті белестің, бергі беті –
«Егін көлде» екі ауыл қатар қонған.

Толық

Көңіл алдап

  • 0
  • 0

Көңіл алдап,
Көз бояп,
Опа жағып безендік.
Сыртымыздан оқ атып,

Толық

Кеңейіп қара шаңырақ

  • 0
  • 0

Кеңейіп қара шаңырақ,
Сарыарқа сайран – сары бел.
Қозы мен қойдай жамырап,
Қосылып жатыр қалың ел.

Толық

Қарап көріңіз