Өлең, жыр, ақындар

Әкені еске алу

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 2721
Есіме түстің, жан көке,
Есіркеп, бәлкім, жүрмісің?!
Атырдым көзбен таңды ерте,
Кетпей-ақ қойды-ау бір мүсін.
Кептеліп жасым тамаққа,
Кектеніп әлдекімдерге...
Бытырап ойлар жан-жаққа,
Бір күйге түстім шерменде.
Сезіліп сенің жоқтығың,
Елжіреп жүрек-бауырым.
Езіліп еңсе-шоқтығым,
Басылып екпін-дауылым.
Айта алмай сөзді қыстығып,
Қысылдым кінәм бардай-ақ.
Кеудемді қарып үскірік,
Сібірге тіпті бармай-ақ.
Ішімнен өлең-зар айтып,
Қиялмен кезіп қыр-белді.
Басыңды сенің қарайтып,
Қалдырсам деп ем бір белгі!
Жүремін ылғи алаң боп,
Жүрегім бәрін көтерсін!
«Бар екен менің балам!» – деп,
Бір аунап түсер ме екенсің?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әттең, қалқам

  • 0
  • 0

Әттең, қалқам...
Ізгі арманым, ақ құсым,
Кештеу келген басымдағы бақпысың?!
Сен көгалда көктеп өскен бүлдіршін,

Толық

Сатып алады...

  • 0
  • 0

Айып жоқ айтқан ақыннан,
Айтпасқа қоймас қаламы.
Дүние түгел сатылған,
Қайтсе де сатып алады.

Толық

Кім жау?

  • 0
  • 0

Бұл өмірде көп қақтығыс,
Көп егес,
Атыс-шабыс,
Алыс-жұлыс,

Толық

Қарап көріңіз