Өлең, жыр, ақындар

Әттең, қалқам

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 259
Әттең, қалқам...
Ізгі арманым, ақ құсым,
Кештеу келген басымдағы бақпысың?!
Сен көгалда көктеп өскен бүлдіршін,
Әлі ешкімге бүрің жарған жоқпысың?!
Бәлкім, сен бір маған бауыр етпісің,
Кейде өзіңе кінәлісің, кектісің.
Жетпей қалсам жетем деген жеріме,
От боп жансам – қызғанғаны деп түсін.
Қыздың жолы жіңішке ғой таспадай,
Өкінбеші өмір жолын бастамай.
Сыпайы боп сызылатын мен – ағаң,
Нем бар менің қызығатын басқадай?!
Жылға болып жүгіре алмай, қаша алмай,
Шыңға қонып тыным алмай, аса алмай.
Сенсің бе әлде баптап қойған тоты құс,
Албырт көңіл аптығыңды баса алмай?!
Ән айтылар... талай шарап ішілер,
Үлкен озып, ержетеді кішілер.
Тыпа-тыныш жүргеніңде топшыңнан
Бір қаршыға қағып сені түсірер.
Алға қарай жетелейді сені үміт,
Қыраныңмен – қызық өмір, мен ұмыт.
Сен екеуің ақ айдыннан ұшқан соң,
Кетесіңдер көз ұшына көміліп.
Қосарланып ұшқан кезде аспандап,
Көшер бұлттар алай-түлей ақ шаңдақ.
Құп-құттай боп жерден сонда қол бұлғап,
Мен тұрармын жанарымнан жас парлап...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аспаннан да асқақ-ау

  • 0
  • 0

Аспаннан да асқақ-ау
Ақындардың арманы.
Қолдан қылыш тастамау –
Батырлардың арманы.

Толық

Көңіл алдап

  • 0
  • 0

Көңіл алдап,
Көз бояп,
Опа жағып безендік.
Сыртымыздан оқ атып,

Толық

Қыстың күні – Қимада

  • 0
  • 0

Есімде...
Бәрі есімде,
Қарындас-құрбы,
Сыйлы аға.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар