Өлең, жыр, ақындар

Мазасызбын... Ұрады басым дабыл

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 208
Мазасызбын... Ұрады басым дабыл,
Көз жасыңды дегендей жасырма, гүл.
Өмір сүрдім деп, сірә, өкінбеспін,
Мейірімге тапшылау ғасырда бұл.
Ай-жұлдызды аспанға құстар алаң,
Құс көңілмен биікке құштар адам.
Үсіп кетпей, жап-жасыл шыршаларым,
Шықтың қалай қатыгез қыстан аман?..
Тоқпағы тұр тағдырдың төніп қандай,
(Қалтырайсьң, жүрек – гүл, қорықандай!)
Аман қалып тамырың, тұрсың көктеп,
Қаңтардағы суықтан солып қалмай.
Қайырымсыз төбемнен төнер шыңым,
Іште жатыр айтылмай нелер сырым.
Көптен бері көзіме түспей кеттің,
Алақаннан жем жеген көгершінім...
Сені ойласам, жүрегім сыздайды анық,
Уақыт өтіп барады бұзбай қалып,
Шуақ-нұры азайып көңіл Күннің,
Кетер ме екен дүние мұзға айналып...
Ой – дария бетінде үміт қалқып,
Шынар жүгін тұрамын шыбыққа артып.
Адамға ұқсап, аспанның күн жүрегі
Жылдан-жылға бара ма суық тартып?
Сұрағы көп болашақ келеді әлі,
Бір тыныспен тіршілік дем алады.
Әлемдегі адамдар бір-біріне
Жүрмейді екен ғашық боп неге бәрі?
Тіршілікке тұрады жаным еріп,
Айықтырсам «дертінен» дәрі беріп.
Армандаймын, адамдар жүрегіне
Кетсем-ау деп мейірім дәнін егіп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жолаушыдай жас дәурен желіп өткен

  • 0
  • 0

Жолаушыдай жас дәурен желіп өткен,
Алдағысын үмітке сенім еткен.
Кездейсоқ келген басқа қуаныштан,
Қайғым артық кеудемді еңіреткен...

Толық

Сильва Капутикянға

  • 0
  • 0

Сенің де жырың – махаббат,
Менің де жырым – махаббат.
Жартасқа бір жас толқын,
Жатқандай ұрып шапалақ.

Толық

Ұмытсаң да...

  • 0
  • 0

Ұмытсаң да...
мен сені ұмытпадым,
Сезімнің сетінетпедім суыртпағын.
Төгіліп ақ жібектей, көкжиектен

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар