Өлең, жыр, ақындар

O, неткен әдемі сөз әйел деген

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 525
O, неткен әдемі сөз әйел деген,
Секілді ақын жазған аяулы өлең.
Жылынып нәзік сезім жылуына,
Қалғымай жол үстінде ояу келем.
Ұйқымнан ол желпісе оянар ем,
Қанатын балапандай саялар ем.
Көгілдір құпиялы көкжиекті
Ашылған қарсы алдымнан әйел – әлем.
Қандайсың, бір қарап-ақ алар біліп,
Ұнасаң, қабақ беріп, қарар күліп.
Әйелге ұнамайды жүрегі жоқ,
Жасанды, жаны ұсақтау жаман жігіт.
Әрбір тал кірпіктері арайды ілген,
Арайдан ақ сәулені тараймын мен.
Дүниеге жаны нәзік ақын көзі
Әйелдің көзіменен қарай білген.
Сезгенге құдіретті сөз әйел деген,
Аспанға әр түн сайын айы өрлеген.
Кішкентай әйелдің от құшағынан
Ашылған арман әлем, аяулы әлем!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тіске тісті шегелеп

  • 0
  • 0

Тіске тісті шегелеп,
Үндеме тіл, үндеме.
Ауыз ашып не керек,
Айтпаған соң бірдеңе.

Толық

Жан сырласым...

  • 0
  • 0

Сырды жүрген жасырып,
Шертсем, жылар тас ұғып.
Даусым жетпес алысқ-а-а-а
Елегізем... асығып.

Толық

Дауыл сезген бауырынан қыранның

  • 0
  • 0

Дауыл сезген бауырынан қыранның,
Көбелектей «балапан қыз» болды ұмыт.
Елегізген әуеніне бір әннің,
Қабағына қоңыр таудың қонды бұлт.

Толық

Қарап көріңіз