Өлең, жыр, ақындар

Ағаш кескенде

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 281
Көз алдымда түтін менен сол ұшқын,
Қасіретін еске салып соғыстың,
Кесті тірі аңыратып ағашты,
Кеңітуге жүретұғын жол үстін.
Жапырағынан жанбайды енді шамшырақ,
Жапырағына қарамаймын хал сұрап.
Ажал тауып жүзінен қол араның,
Ардагердей құлап жатыр қансырап.
Күрсінгендей мейірімге шөлдеп күн,
Тағдырына ортақтасып жер-көктің.
Жапырақтарын зар жылатып біреулер,
Қолыменен қиып жатыр жендеттің.
Жапырақ — қозы көгенделген желіге
Уақыттың жамыраған желіне.
Жолын біреу кеңейтем деп бір күні
Қиып шетке тастар ма екен мені де?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жеке шумақтар

  • 0
  • 0

Көзінен көкте бұлт жас парлатып,
Шаншылды бір қою бұлт асқарға тік.
Бет тосып қарсы алдынан тас бұлақтың,
Кеткендей қойынына аспан батып...

Толық

Соңғы сөз

  • 0
  • 0

Айта алмай жүрген ойым бар,
Байқалмай жүрген «тойым» бар.
Қалғысам, ата-анамның,
Қасына мені қойыңдар.

Толық

Адам – ағын, толқынды заман – арна

  • 0
  • 0

Адам – ағын, толқынды заман – арна,
Күн көтеріп уақыт барады алға.
Тізгін тартып, қайрылып қарамайды,
Үкім айтып үстінен қарағанға.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар