Өлең, жыр, ақындар

Қайың жасы

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 282
Түпсіз аспан қабағымен тұнжырап,
Бұтақтары бір түзеліп, бір құлап,
Жылмен келер жоқтап әнші бұлбұлын,
Жел өтінде жалғыз қайың тұр жылап.
Сезінеді куә болып бәрін күн,
Әлемдегі сыры бар ғой әр үннің.
Жапырақтары үзіледі жерге ағып,
Көз жасына ұқсап мұңды арудың.
Сабағында айтылмаған сыр бардай,
Назар салмай өтіп жатыр жылдар жай.
Тағдырына риза болмай өзінің,
Жел өтінде сырнай тартып тұрғандай.
Әрбір күн мен шығарып сап әр айды,
Жарық сәуле қайың шашын тарайды.
Жылап тұрып: «Жапырағым ба менің», – деп,
Түнгі жарық жұлдыздарға қарайды.
Түсіргендей жапырағын жел қағып,
Жеткізе алмай жалғыздығын елге анық,
Ару қайың білмейді аспан – қайыңның
Жұлдызының құларын да жерге ағып.
Адам басын жасап ойнар тағдыр доп,
Тағдыр өмір сабағында қалғыр көп.
Білмей ме екен қайың аспан көз жасы
Жауатынын жерге жұлдыз жаңбыр боп?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Іздерден түрлі құралған

  • 0
  • 0

Іздерден түрлі құралған
Соқпак, қой өмір бұралған.
Күтіп тұр мені бір үміт,
Күтіп тұр алдан бір арман.

Толық

Сұлу емен жұртты өзіне қаратқан

  • 0
  • 0

Сұлу емен жұртты өзіне қаратқан,
Бір сөз айттың, болып маған қарап, таң.
«Мүсініңді былш-былш ұрып балшықтан –
Жасағандай ерініп бір жаратқан».

Толық

Үздің бе, үміт сен менен

  • 0
  • 0

Үздің бе, үміт сен менен,
Ертегім болған ертеңім.
Тербетер ерке желменен,
Жүректі нәзік желкенім.

Толық

Қарап көріңіз