Өлең, жыр, ақындар

Із

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 520
Таң рауандап атқанда бір бейне,
Азан дауысымен оянған.
Оның күллі болмысы таң нұрымен гүлденген,
Сонсоң, а-лы-ыс бір сапарға жол алған.
Секілді алып бір Бәйтерек бұтағы,
Шұбырған қап-қара жолдар тұр жалғасып.
Уақыт үн-түнсіз жұтады,
Бетіне басылған мезгілдің таңбасын.
Мәңгілік түгемес шөлдерден жол ұзап,
Тұманды дала бұл жатқан бір түс көріп.
Ортасын шиырлап жүреді ол ұзақ,
Ешкім де сызбаған шеңбер мен нүктенің.
Осылай бейуақта бір бейне,
Алыс бір сапардан қайтадан оралар.
Гүлденген болмысы өзгерер мүлдемге,
Бәрінен, бәрінен, бәрінен тоналар...

2007 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түн. Құлазыған бейне

  • 0
  • 0

Түн. Құлазыған бейне.
Айнаның жүзінде сағым.
Екеуміз өксиміз кейде,
Еске алып бақидың таңын.

Толық

Жұмбақтас

  • 0
  • 0

...Мүжіп біткен уақыттың дауылы,
Менің мұңлы қиялымдай ескірген.
Сан ғасырлық сағыныштың жазуы
Сіңген саған һәм кеткен тым өшкіндеп.

Толық

Өртелген мешіт

  • 0
  • 0

Бейуақта сөккен кім сенімімнің көбесін?
Үйі өртелді Тәңірдің.
(Түсім емес, өңім бұл).
Жанарымда боталап жазулардың елесі,

Толық

Қарап көріңіз