Өлең, жыр, ақындар

Түн. Құлазыған бейне

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 356
Түн. Құлазыған бейне.
Айнаның жүзінде сағым.
Екеуміз өксиміз кейде,
Еске алып бақидың таңын.
Қиялдың қанаты талса,
Жабылар белгісіз бір есік.

Моладан бүр жарар арша,
Көлкіген көлеңкені кешіп.
Шыңғырар шытырман жолдар,
Үнсіздік өксіген сәтте.
Мүлгиді қап-қара орман,
Біз үшін жат енді ол әттең.

Күз бе бұл, яки көктем?
Даланы тұмшалар тұман.
Көмейде талықсып кеткен,
Ешқашан айтылмас бір ән.
Түн. Құлазыған бейне.
Жүзінде ескірген әжім.
…Біз неге өксиміз кейде,
Еске алып бақидың таңын?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көбелек - ІІ

  • 0
  • 0

Мен ғашықпын періштедей мүсінге,
Көбелекке — қос қанаты дір қаққан.
Бейне тылсым музыкалар ішінде,
Жаралғандай ұйқастар мен ырғақтан.

Толық

Жазу

  • 0
  • 0

...Жазу көрем мен ылғи нұр балқытқан пішінде,
Аяны ма Алланың жер бетіне түсірген?!
Қарап кейде айнаға жанарымның ішінен,
Сол жазуды көремін үлкейген һәм кішірген.

Толық

Із

  • 0
  • 0

Таң рауандап атқанда бір бейне,
Азан дауысымен оянған.
Оның күллі болмысы таң нұрымен гүлденген,
Сонсоң, а-лы-ыс бір сапарға жол алған.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар