Өлең, жыр, ақындар

Көп күттірген балалық

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 194
Бірде құмнан уыстап,
Бірде аунаған шалғынға.
Жүгіріп жүр балалық,
Есігімнің алдында!

Айтып болмай бар сырды,
Кетіп қалған жар сынды.
Абайсызда қолымнан,
Шығып кеткен шар сынды.

Көз жаздырған балалық,
Таппас еді ізімді,
Үйге еріп келіпті,
Танып қойып қызымды.

Өссе дағы күн санап ,
Ешбір таппай тұр тағат.
Жақсы ойыншықтың қызығы,
Ұзап кетсе бір сағат.

Болмай қалса қалауы,
Қатты жылап күрсінді.
Күлді жасы кеппей-ақ,
Бұлттан шыққан күн сынды.

Әділдіктің патшасы,
Өзі үкімет бір мықты,
Үйге келген қонаққа,
Айтып қояд шындықты.

Уақыт күтіп тұрмайды,
Бұл пікірмен келіскем.
Қашан бійік болам деп,
Асығады періштем!

Бірде құмнан уыстап,
Бірде аунаған шалғынға,
Жүгіріп жүр балалық,
Есігімнің алдында!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ойласам жүзім нұрланар

  • 0
  • 0

Тулайды жүрек атыңды,
Естісе тайдай тұяқты.
Лап ете қалам көргенде,
От келе жатқан сияқты.

Толық

Қымыз көңіл

  • 0
  • 0

Шақтарыма қош айтысып мұңайған,
Кешіп жүріп зорға шыққам мың ойдан.
Сағыныштың сары шекпенін лақтырғам,
Салар дейсің жүрекке деп кім ойран.

Толық

Сені көрдім

  • 0
  • 0

Сені көрдім қасыңнан қыр көрінді,
Сол қырқаға назарым мың бөлінді.
Білесің бе арман боп басқаларға,
Аласарып сен үшін жүргенімді.

Толық

Қарап көріңіз