Өлең, жыр, ақындар

Қом – қанас

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 226
Ақ торғын, жасыл жәннәт, кең мекенім,
Жырыммен тал бесікше тербетемін.
Кезбесем шар тарапты білмес едім,
Тұнығы су біткеннің сенде екенін.

Қалайша сенде туып байқамадым?
Бітпейді-ау жазатын жыр, айтар әнім.
Құлдилап,қимай қайта өр жаққа аққан,
«Теріс аққан»өзеніңдей қайта оралдым.

Тасынан бұлт ұшырған текті мекен,
Сұлулық бір өзіңнен өтті ме екен?
Аралас қайың менен бал қарағай,
Қолымен періштелер екті ме екен?!

Тым еркін,мөлдірліктің шыңы бұлақ,
Қашады малта тасқа ұрылып ап.
Қия алмай алас ұрған жүрегімді,
Кеудемнен қала берді суырып ап!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тағдырға тілек

  • 0
  • 0

Жырым ғой тәтті мендегі нәзік сезімдер,
Болғанмен нәзік таусылған емес төзімдер.
От жырым қалсын жалынды жастық кезімнен,
Ей тағдыр маған сезімнің ғана өзін бер!

Толық

Сен ойлайсың

  • 0
  • 0

Маған сенің белгісіздеу кешірмең,
Бола тұра ұмытпадым несін мен?
Кетер едім баяғыда-ақ ұмытып,
Сен шығармай жүріп алдың есіңнен…

Толық

Сағыныштан у ұрттадым

  • 0
  • 0

Таулар маңғаз, нулар кербез, қыз керім,
Көктем мынау кім тағады бізге мін?
Бұлттар ғана жуып-шайып көшені,
Іздейді кеп Мұқаңдардың іздерін.

Толық

Қарап көріңіз