Өлең, жыр, ақындар

Сағыныштан у ұрттадым

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 226
Таулар маңғаз, нулар кербез, қыз керім,
Көктем мынау кім тағады бізге мін?
Бұлттар ғана жуып-шайып көшені,
Іздейді кеп Мұқаңдардың іздерін.

Мынау жатқан қалжыраған көшені,
Мұқаңдар көп аралаған деседі.
Көшеден із таба алмаған бұлт біткен,
Күрсініп ап, тауға қарай көшеді.

Әсем жырдан алқа- моншақ тағынған,
Қала мынау әннен шырақ жағылған.
Ақша бұлттар төге берме жасыңды,
Сен ғана ма мұқаңдарды сағынған?!

Қыз күбірін бұлттар қалай тыңдасын,
Үнсіз барып құшады кеп қыр басын.
Меннен гөрі бақыттысың ақша бұлт,
Тым болмаса көріп қалдың тұлғасын.

Сағыныштан у ұрттадым дерт іштім,
Қиялымда қарлығаштан ерте ұштым.
Сағынғанын білмейді ғой Мұқаңдар,
Бас жағында өскен қыздың Ертістің!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Елес күндер

  • 0
  • 0

Елес күндер біздерге табылмас ән,
Сезбес едім қадірін сағынбасам.
Жазғыра бер сен мені ғашық қарғам,
Сені ойлаудан бір мезет дамвлдасам.

Толық

Сен келесің

  • 0
  • 0

Сансырайсың, құр босқа сенделесің,
Өткен күннің қумаймын енді елесін.
Ақбоз аттың жалынан жел естіріп,
Шығыс жақтан, бір күні сен келесің!

Толық

Апама ұқсап

  • 0
  • 0

Есімде менің уыз балалығым,
(Ол кезде сезбейтінбіз дала мұңын)
Қыдырған қарттарынан еститінбіз,
Өзгерісін заманның жаңалығын.

Толық

Қарап көріңіз