Өлең, жыр, ақындар

Жаралмапсың

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 205
Сағыныш пен өкінішті өңгеріп,
Келе жатқам ой меңдетіп сенделіп.
Жұбатпады мені арзан шаттықтар,
Жаралмапсың жұбатуға сен келіп.

Ушықтырып жүрегімнің жарасын,
Несін енді мені есіңе аласың.
Тұмандардан айықтырып алып ем,
Айықпайтын арман ьолып барасың.

Сен деп қашан қиялымды бөлмедім?
Сен көндіккен шындыққа да көнбедім.
Жабықпаймын сені ойлап қалай мен,
Жалғыз рет күлдіріп те көрмедің.

Көнем енді бәріне де көнбестің,
Жылай жүріп басқалармен теңдестім.
Жұбатуға жарамаған секілді,
Жылатуға жарамайды енді ешкім.

Қарамаймын сені күтіп жолға анық,
Отырмаймын өзің жайлы толғанып.
Құрғап кеткен көз жастарым секілді,
Сиясы жоқ қаламымды қолға алып.

Бұл өмірдің сырын бәлкім кеш ұқтым,
Арман үшін бір арманнан кешіктім.
Бақытты деп ойлайтұғын біреулер,
Жабығынан сығалайды есіктің.

Сені ойласам жанарымда күміс шық,
Сені ойласам саумал түн де ып ыстық.
Сені ойласам алыс жер де жеп-жақын,
Сені ойласам кетер меннен тыныштық.

Талай сырлар қиялымда шертілген,
Ғашықтығым тыс еді ғой еркімнен.
Жаралмаппын оңашада айтуға,
Мәңгілікке таймаймын деп сертімнен.

Басып кетті батпан ойлар еңсені,
Болмағанда бір танысың келсе еді…
Жарлмапсың мен деп азап шегуге,
Жаралмаппын жек көруге мен сені!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызыма

  • 0
  • 0

Ұйқыға тәтті бөленген шағың,
Ғажайып елес,гүл сағым.
Ұлпадан нәзік мұздаса тәнің,
Мейірімменен жылытамын.

Толық

Көкпар

  • 0
  • 0

Ат керек ауыздығын шайнайтұғын,
Бап керек сол тұлпарды сайлайтұғын.
Қайратты ерге мықты жігіт керек,
Сол аттың құлағында ойнайтұғын.

Толық

Кейде

  • 0
  • 0

Жеке дара жүрекке билік құрып,
Күйіп жанып бір ғажап күйді ұқтырып.
Алақанда әлпештеп жүресің де,
Кейде мені аласың ширықтырып.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер