Өлең, жыр, ақындар

Быйылғы көктем жай шықты

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 273
Қарлығаш қақты қанатын,
Сергіді менің көңілім.
Астында қардың қалатын,
Түледі байтақ өңірім.

Десе де дала сәл шытқыл,
Мамырдың айын аңсадым.
Қаламға үнсіз жармасқан,
Қалтырай берді саусағым.

Жайнатып мүлдем бау-бақты,
Сызатын сурет айшықты,
Отаудан шыққан серідей,
Быйылғы көктем жай шықты.

Қыраудан қалған әр үйдің,
Әйнектерінде шық тұрды.
Быйылғы көктем күттіріп,
Қымбатын солай ұқтырды.

Құстарға қостым әнімді,
Көңілден енді кетер мұң.
Шуақты әр бір таңымды,
Жырыма арқау етермін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Астанам

  • 0
  • 0

Есімің жатқа күйік болғаны үшін,
Бәйтерегіңнің биік болғаны үшін.
Табанға бізді таптағысы келген,
Зұлымның жолы тұйық болғаны үшін,

Толық

Жаңбыр кештім

  • 0
  • 0

Сол бір оттың сен де көрдің аптабын,
Жанған отты жан сарайға сақтадың,
Неге маған кінәні үйіп төкпедің,
Неге сеннен тарыдай мін таппадым?

Толық

Жауған шығар

  • 0
  • 0

Жауған шығар Алтайға қырбақ деген,
Қараша бұл өмірге бізді ап келген.
Балаң ақын болуға жарамай жүр,
Шеше саған жаза алмай бір жақсы өлең.

Толық

Қарап көріңіз