Өлең, жыр, ақындар

Сағыныш болып кетерсің

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 207
Шаршаған кешкі көшемен,
Бозарып жалғыз келемін.
Осы бір көше, осы өзен,
Елесін күннің көремін.

Жанардан тамар жасым жоқ,
Жылауды мүлде доғарғам.
Жанымда ойнар жасын жоқ,
Адасып кеткен көп арман.

Сағынтқан маған жан едің,
Сағыныш болып кетерсің.
Сарыла күткен біреу бар,
Сағынбай қалай өтерсің?!

Маңдайды уақыт тырнаған,
Көнесің үнсіз сеземін.
Жолыңды тағдыр шырмаған,
Сол үшін ғана төземін.

Буалдыр тұман ар жағы,
Бұлыңғыр сенің елесің.
Үзілмес үміт бар тағы:
- Қалқам-ау қашан келесің?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шыға алмай қалған сендік ойлардан

  • 0
  • 0

Шыға алмай қалған сендік ойлардан,
Өзімнен өзім жерідім.
Балмұздақтай ақ ерніңде қалған,
Несіне сонша ерідім?”

Толық

Кезді аңсаймын ғажайып бір күйге енген

  • 0
  • 0

Кезді аңсаймын ғажайып бір күйге енген,
Сенсіз ғұмыр кешуге де үйренгем.
Табанымда жатқан кірпіш баспалдақ,
Сағыныштың тамшысына иленген.

Толық

Түн еді

  • 0
  • 0

Түн еді келе жаттық ыйықтасып,
Шашыммен жел ойнайды тійіп қашып.
Сол түнде келе жаттық тек екеуміз,
Даламенен қаланы ұйықтатып.

Толық

Қарап көріңіз