Өлең, жыр, ақындар

Шыға алмай қалған сендік ойлардан

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 202
Шыға алмай қалған сендік ойлардан,
Өзімнен өзім жерідім.
Балмұздақтай ақ ерніңде қалған,
Несіне сонша ерідім?”

Сан кедергілер алдымды кестеп,
Келгенше әлім қыр астым.
Қасыма қашан келіп ең ептеп,
Несіне саған сыр аштым?

Көкірегіңнің қақтым да әйнегін,
Тұра жөнелдім жалтақтай.
Жүйрігіндей ақ жеттің бәйгенің,
Құтқарар қалдым жан таппай.

Отыңа сенің төзе алмаспын мен,
Қиялың биік шарқ ұрды,
Жаза бассам мен жаза бастым мен,
Бағалаймын деп нарқыңды.

Қоп қоңыр еді дауысың сенің
Айта алмаушы едім әнді онша.
Біздерге ғана тән болушы ма еді,
Бір жақсы құрбы бар болса?!

Жақынсың әрі алыссың маған,
Біздегі білсең күй осы.
Не болар соңы, көңілім алаң,
Аты жоқ сезімнің иесі?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алмасы да албыраған қалада

  • 0
  • 0

Жылжып емес, жылдар зулап бара ма?
Өшпейтіндей із қалдырып санаға.
Келдің несін сезіміңді өртке орап,
Алмасы да албыраған қалаға?

Толық

Біздің тау

  • 0
  • 0

Өлең жырдан ажырамас бір елі,
Біздің мекен батырлар мен жыр елі.
Алтай таудың төбесінде жатқан қар,
Басқа қарға миығынан күледі.

Толық

Сөз аулаған күн

  • 0
  • 0

Қадалдым неге жалғыз нүктеге,
Сүңгі-мұз кірпік… көз жаурап?
Үйлесім таппай мынау тірліктен,
Кеңістікте ұшқан Сөзді аулап.

Толық

Қарап көріңіз