Өлең, жыр, ақындар

Көкпар

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1411
Ат керек ауыздығын шайнайтұғын,
Бап керек сол тұлпарды сайлайтұғын.
Қайратты ерге мықты жігіт керек,
Сол аттың құлағында ойнайтұғын.

Қайтпайтын кері қарай жүрек керек,
Жібермес ұстағанын білек керек.
Жамбасқа дәу серкені басқан кезде,
Тақымға тарамыстай тірек керек.

Тұлпарға жеткізбейтін шабыс керек,
Жігітке алдырмайтын әдіс керек.
Ғасырлар тулап жатқан тамырдағы,
Жеңілмес қазақ дейтін намыс керек.

Қызықтап кәрі мен жас ентелемек,
Кеткендей айбарланып өлке бөлек.
Қолдарға тегеурінді шыдау үшін,
Терісі темірдейін серке керек.

Кім мықты екендігін білсін халық,
Көкпарға қиқу салмай тұрсың нағып?!
Қуырған жердің төсін тұяқтардан,
Барады жер жүрегі дүрсіл қағып.

Белгісіз қайсы жаққа асыққаны,
Белгісіз бірін-бірі жасытқаны.
Намыстар қалғып жатқан дүр оянып,
Бәрінің басқа шыққан тасып қаны.

Тұлпарлар желдей есіп арындаған,
Көкпаршы оттай болып жалындаған.
Жатқанмен жылдар жылжып, ғасыр өтіп,
Қазақпыз дәстүрінен жаңылмаған.

Ұқсамас аңдып жатып атысқанға,
Намысың қаныңды бір тасытқанда.
Беу дүние бойыңда қайрат болса,
Не жетсін көкпарға бір қатысқанға!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сен ойлайсың

  • 0
  • 0

Маған сенің белгісіздеу кешірмең,
Бола тұра ұмытпадым несін мен?
Кетер едім баяғыда-ақ ұмытып,
Сен шығармай жүріп алдың есіңнен…

Толық

Ақ жайық

  • 0
  • 0

Ақ жайық, ерке жайық, арман жайық,
Қанаты ұшқан құстың талған жайық.
Қыз жібек айна етіп дидарына,
Шідерін ақ боз аттың алған жайық.

Толық

Сәлем Зайсан

  • 0
  • 0

Қайғым, мұңым түйдей құрдас сенімен,
Келдім міне Өр Алтайдың елінен.
Тағдыр шығар тәлкек қылған біздерді,
Жерімнен аң, құс ұшырмай көгімнен.

Толық

Қарап көріңіз