Өлең, жыр, ақындар

Күзгі көңіл

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 236
Құлпырып жайнап жүргенде,
Тумасы хақ күнде өлең.
Табыстым тағы мұңменен,
Қауыштым қайта жырменен.

Сағыныш шығар сезем мен,
Кезім бұл ернім кезерген.
Ағашқа бардым амалсыз,
Жапырақ жауды төбемнен.

Ақ қайың кетті теңселіп,
Аңсарым саған ауғанда.
Керіліп кербез ақша бұдт,
Барады жылжып тауларға.

Еншіме қалды мәңгілік,
Ғажайып мынау суреттер.
Төбемнен жауып жатқандай,
Сарғайып кеткен жүректер.

Ақша бұлт, арман, аққу да,
Жеткізбес жерге көшеді.
Ақ көйлегімнің етегін,
Ызғырық самал еседі.

Жартастар қалды қайғырған,
Мүлгіді ұзақ атырап.
Аққулар ұшты айдыннан,
Еншіме қалды жапырақ.

Жаз болған шақта көп-көрім,
Өмірді қызық тойлайсың.
Көктемнің қикіметтерін,
Күз болған шақта ойлайсың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қиялымды қайтейін

  • 0
  • 0

Қиялымды қайтейін көз ілмеген,
Сая таппай еш жерден безілдеген.
Қалай ғана кеткенсің біте қайнап,
Қуанышты, қайғылы кезімменен.

Толық

Неге аға жыладың

  • 0
  • 0

Неге аға жыладың жылатты кім,
Тауды теңіз басқандай бұлақты құм.
Сырлы ыдыстан мезгілсіз төгілмейтін,
Қағып кетті оқыстан сынапты кім?

Толық

Елес күндер

  • 0
  • 0

Елес күндер біздерге табылмас ән,
Сезбес едім қадірін сағынбасам.
Жазғыра бер сен мені ғашық қарғам,
Сені ойлаудан бір мезет дамвлдасам.

Толық

Қарап көріңіз