Өлең, жыр, ақындар

Туған жерге махаббат

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 832
Сағындым сотқар өзен пүліш белді,
Сағындым көлбіреген күміс көлді.
Бір жылдай оралмап ем туған мекен,
Жаным жүдеп төзімім жіңішкерді.

Тауды меннен қызғанып боз тұманың,
Жыршы құсың силаған сөз тұмарын.
Мың айланып аяңды ұшсам дағы,
Қанған емес ешқашан көз құмарым.

Орманың сыр сыйлайды ақындарға ,
Табиғатпен жүрегі жақындарға.
Тұп-тұнық бұлағыңды ішіп өстім,
Судай тұнық болмасқа қақым бар ма?!

Өз ұрпағым жырымен тербесін деп,
Қанаттылар құлашын сермесін деп,
Сені әдейі шеткері жаратқан-ау,
Көзі сұқты адамдар көрмесін деп.

Қара таудан қара бұлт шүйілгенде,
Ұқсайды қарт қамшысын үйіргенге.
Шалғай жаралғаныңды мақтан етем,
Қымбат нәрсе жатады қыйын жерде!

Қарайлаймын қырқадан асып барып,
Ата жұрттан жүрсем де бақыт тауып.
Сенің бійік шоқыңа қонайын деп,
Көп ұштым басқа тауға машықтанып.

Сұлу мекен кіресің түсіме ерен,
Сырлас едім тоғайдың құсыменен.
Өлсем бір күн өлермін саған деген,
Махаббаттың тартылыс күшіменен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Баура сен

  • 0
  • 0

Сен мені ұғып үлгергеніңше,
Мен ұшып кеттім қыратқа.
Сыр айттым күйдің күмбірлерінше,
Аңғармай қалдың бірақ та.

Толық

Он алтыншы желтоқсан

  • 0
  • 0

Түн ығысты.
Күн шығыстан келе жатты таң қысып.
Жапырақтың жанарында
Қатып қалған таңғы шық.

Толық

Бес әріп

  • 0
  • 0

Бекер ғана қол ұстасқан екенмін,
Сағыныштың тереңіне матырдың.
Үнсіз қалдым, сөйлеу менің не теңім,
Мұндай кезде өзі артық ақылдың.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер