Өлең, жыр, ақындар

Бес әріп

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 219
Бекер ғана қол ұстасқан екенмін,
Сағыныштың тереңіне матырдың.
Үнсіз қалдым, сөйлеу менің не теңім,
Мұндай кезде өзі артық ақылдың.

Жүрек айнып сабылысқан бояудан,
Қаштым талай клубтардан тұншығып.
Сен бақытты деп ойлаған шығарсың,
Мен бақытты бола алмадым қырсығып.

Жете алмады еш бір жердің ауасы,
Сен екеуміз бірге жұтқан ауаға.
Жаңбырдан соң жерден жұпар аңқушы ед.
Сендер жақта бөлек жаңбыр жауа ма?!

Көздер тінтер тойда кисем малынып,
Жетпей тұрар сенің жалғыз қарасың.
Көреріңді білмей кімнен тарылып,
Еріксізден мені есіңе аласың.

Біз бақытты болар едік о баста-ақ,
Осылардың бәрін қолдан жасадық.
Қонар едім білмедің деп қадірді,
Екеумізден безіп кеткен бес әріп!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нән қаланың тұрғыны

  • 0
  • 0

Естілетін сирек күйдің күмбірі,
Ысы қою нән қаланың тұрғыны.
Сөзіңізде керуеннің сыңғыры,
Сіз де өлеңге айналарсыз бір күні…

Толық

Ұмытпаған

  • 0
  • 0

Таңғы тілек жалғасып кеш күбірге,
Назар салмай дүрмектің ешбіріне.
Бірер ауыз тіл қатып қалатындай,
Қарай берем қимылсыз кескініңе

Толық

Ұмыттырды бір адам

  • 0
  • 0

Мейірімі күндей болып құлаған,
Өрлігімен, ерлігімен ұнаған,
Сағыныштың азабына шыдаған,
Маған сені ұмыттырды бір адам!

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер