Өлең, жыр, ақындар

Жыр дәптерім

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 315
Сенде жатыр өмірдің гүл көктемі,
Төрт шумаққа сиды да бір беттегі.
Саған бәрін ақтарып айтып алмай,
Көзімнен мұң көңілден кір кетпеді.

Қолым тисе өзіңді бассаламын,
Өлең туса тәуірлеу шаттанамын.
Саған айттым ең жақын сырларымды,
Қайда барсам қасымнан тастамадым.

Қайда барсам тастамай алып жүрдім,
Саған жақтым алауын жалын жырдың.
Жеткізбеген арманға жетемін деп,
Сені бұлдыр тұманға малындырдым.

Саған айттым сәуірдің ескен желін,
Саған мәлім басымнан кешкендерім.
Сен өзімді оқыттың қайта маған,
Сырласы болмай тұрып еш пенденің.

Барлық бетің жырыммен шимайланды,
Ертең қандай білмеймін силайды әнді.
Арман менен мендегі сағыныштар,
Сенің соңғы бетіңе сыймай қалды…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сағыныштан у ұрттадым

  • 0
  • 0

Таулар маңғаз, нулар кербез, қыз керім,
Көктем мынау кім тағады бізге мін?
Бұлттар ғана жуып-шайып көшені,
Іздейді кеп Мұқаңдардың іздерін.

Толық

Қалдырдым құр сұлбаңды

  • 0
  • 0

Жүрегіме мен сені сақтадым да,
Басқаларға қалдырдым құр сұлбаңды.
Маңайыңа құр босқа топталуда,
Дауысыңды қызықтап түр тұлғаңды.

Толық

Әкеге сағыныш

  • 0
  • 0

Шарпылатын пәк жаның жылы ағынмен,
Қоштасқалы қай заман бұла күнмен.
Еңкеймеймін ес білдім деп жүруші ем,
Әке бүгін сені ойлап жыладым мен.

Толық

Қарап көріңіз