Өлең, жыр, ақындар

Боранда

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 289
Қатты соққан долы боран жүргізбей,
Тұр шаттықтың қақпасынан кіргізбей.
Қарсы қарап жүріп келем сонда да,
Қасіретімді еш пендеге білгізбей.

Боран алып қашпақ болды шашымды,
Қайда әкетті көзден аққан жасымды.
Саған арнап теріп алған гүлдерім,
Бей-берекет уысымнан шашылды.

Долы боран бар ашуын төгеді,
Бұрылмадым.ықтасындар көп еді.
Боран тынар күн шығады сонан соң,
Мені нәзік нұрыменен өбеді.

Боран тынар . сенесің бе осыған?
Жан емеспін бұрұасыннан шошыған.
Күннің алтын сәулесімен жылынып,
Арманымның арайына қосылам.

Қатты соққан долы боран жүргізбей,
Тұр шаттықтың қақпасынан кіргізбей.
Қарсы қарап жүріп келем сонда да,
Қасіретімді еш пендеге білгізбей!…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сәскеде түскен сәулемін

  • 0
  • 0

Барып қайтамын ойменен,
Кешегі өткен күніңе.
Айналсам деймін кейде мен,
Көне таныстың біріне.

Толық

Жар дегенің

  • 0
  • 0

Жар дегенің жарты деген сөз екен,
Құралдың ба бүтінделдің онымен.
Ғұмырыңның жартысы да сол екен,
Қалған күнді бірге өткіз жөнімен.

Толық

Он алтыншы желтоқсан

  • 0
  • 0

Түн ығысты.
Күн шығыстан келе жатты таң қысып.
Жапырақтың жанарында
Қатып қалған таңғы шық.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер