Эссе және өлең-жыр байқауы

Соңғы өтініш

Жылап жүрмін...
Әлі де жылап жүрмін.
Жылағанмен,бәріне шыдап жүрмін.
Шыдап жүрмін,бәрін де көріп үнсіз,
Қалайсыз сіз?..
Қайдасыз?..
Кіммен жүрсіз?..

Өмірім сізсіз болды сарғайған күз,
Білем,мүмкін,өзгемен бақыттысыз.
Мен бақытқа кешігіп қалғаныммен,
Сіз бақытты болуға лайықтысыз.

Тыңдасаңыз,сізге айтарым көп менің.
Тыңдамайсыз...
Оны жақсы білемін.
Бір кездері,мені жырла, — дегенсіз.
Сол жырды енді жаздым, білерсіз.

Ия,білем...
Қателігім бұл менің,
Сізге талай, талай мәрте сенбедім.
Сағынамын...
Сағынамын,себепсіз,
Қазір маған,өте қатты,керексіз.

Қызғанамын...
Жасырмаймын оны да,
Қызғаныш айналды ғой сорыма.
Кеудемдегі жұдырықтай жүрегім,
Ауру болды сізді ойлап,зарыға.

Соңғы хатым...
Соңғы сөзім бұл енді.
Оқисыз ба?
Қалауыңыз біледі.
Сіз деп қана сыйлап өтіп мәңгілік,
Сізді ғана жүрек сүйіп өтеді.

Еске түсті сіздің әсем күлкіңіз,
Әрдайым бақытты боп күліңіз.
Бұрында армандаушы ек екеуміз,
Басталса - деп - бір бөлмеден күніміз.

Сол арман ғайып болып жоғалды ма?
Екі кетті арманның жолдары да.
Арамызда естелік қалғанымен,
Сол сезімнің жоғалып қалғаны ма?

Көзден кеткен,жүректен кетед дейді,
Бұл неге маған әсер етпейді?
Ұмытам деп мың мәрте айтқаныммен,
Жүрек,шіркін,ештеңеге көңбейді.

Сізге ғана аштым жүрек сырларын,
Өкінбеймін...
Бірақ тағы жыладым.
Бір кездері кеудеңізге сүйеніп,
Жай табатын едім ғой мен сүймеліп.

Әй,жарайды...
Көп сөйледім тағы да.
Рахмет сізге,
Жүрген үшін демеу болып жанымда.
Ол кез енді қайтып келмегенмен,
Естелігі мәңгілікке жадымда.

Мен де бір күн естеліктей дәл осы,
Айналамын қайтып келмес сағымға.
Сол кезде қабірдегі тасымды,
Сүйіңізші...соңғы өтініш бұл ғана.

Басқа да өлеңдері



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...