Өлең, жыр, ақындар

Мұқит асқан ағаға

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 260
Күн сап қарап шылауыштың астынан,
Әжелерім бір құдайға тапсырған.
Жылай-жылай бұл пәнимен қоштасқан,
Емдей алмай сағынышын асқынған.

Іздеріңнен шықты ма аға гүл өсіп,
Тарпаң тағдыр тап келсе де күресіп.
Бізді тастап көшпен бірге кеткенсіз,
Батар күнге ілесіп…

Абыздарым айтқаннан соң аңыз ғып,
Жүруші едім жүздесуді парыз ғып.
Біздің жұрттан қара ормандай ел ауған,
Сіз бе едіңіз соңғы қалған тамыздық?!

Кеткен аға батар күнмен таласып,
Көшкен жұртың болды қазір қалашық.
Талнттыға тағзым етіп бөтен жер,
Тұрақтандың мұқиттардан ары асып.

Сонан бері талай көктем ауысқан,
Кім бар дейсің сағынышын тауысқан?
Абыздарым кеткенімен арманда,
Бақыт екен Ата жұртта қауышқан.

Сізді көріп ойға кеттік, толқыдық,
Толар енді көңілдегі олқылық.
Ұшып барып Өр Алтайдың ауасын,
Әкелсем бе уысыма толтырып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көкпар

  • 0
  • 0

Ат керек ауыздығын шайнайтұғын,
Бап керек сол тұлпарды сайлайтұғын.
Қайратты ерге мықты жігіт керек,
Сол аттың құлағында ойнайтұғын.

Толық

Жоғалтып алсаң

  • 0
  • 0

Жоғалтып алсаң табылмай қаламын,
Көрінбес қайта сағымдай боламын.
Әйнек көңілді бір сызат алса,
Еркіңе сенің бағынбай қаламын.

Толық

Кеттім ақыр

  • 0
  • 0

Кеттім ақыр қош енді өскен қала,
Саған қарай жүгірмен өкпемді ала.
Ештеңе де алмаймын енді сеннен,
Қалғаны есте ұмтылмас сәттер ғана.

Толық

Қарап көріңіз